Қазақы тазы тұқымының ең жылдам және епті күшіктері таңдалды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылында итбегілер өз тазыларының өнерін көрсетіп, қайсысы жүйрік екенін анықтау үшін жиналды.
Жарыс 8 айдан 11 айға дейінгі 27 тазылар үшін алғашқы дода болды. Иттер Қарағанды облысының аудандарынан ғана емес, Павлодар облысының Баянауыл ауданынан да келді.
Жарысты ұйымдастырушылардың бірі Бекзат Мұстафин 10 жылдан астам уақыт бойы осы тұқымды иттерді өсірумен айналысып келеді.
– Қазақ тазысы – шыдамдылығы жағынан теңдесі жоқ ең төзімді және ең жақсы аңшы ит, – деп санайды Бекзат Мұстафин. – Тазыларға сенуге болады, олар сенімді дос. Ол аңшының жанында таңертеңнен кешке дейін шаршамай еріп жүре береді.
Ботақара ауылының әкімі Жанат Қабкеновтың айтуынша, жарыстың басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту және қазақ тазысының бірегей қасиеттерін дәріптеу.
Жарыс 1,2 шақырым қашықтықта өтті.
Ең жүйрік тазы қарағандылық Сары болды. Оның иесі – Бақытжан Жұмажанов. Екінші орын Баймырза ауылынан келген Зузуға бұйырды. Қожайыны – Нұрдәулет Мырзақанов. Ал теміртаулық Зара тазы қоржынына қола медаль салды. Итбегісі – Қазыбек Бажиров.
Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақытта Нұра ауданының Нұра ауылында осындай жаңа жарыстар өтеді.