Елорда тұрғындарының мүлік салығы бойынша берешек сомасы - 2 млрд. 622 млн. теңгені құрады. Бұл туралы Астана қаласы бойынша МКД хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті төлемді кешіктірген әрбір күн үшін өсімпұл есептелетіндігін, сондай-ақ берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылуы мүмкін екендігін еске салады. Сонымен қатар сот орындаушыларының қызметтері үшін салық төлеушіден қосымша шығын шығантындығын білдіреді.
Үйден шықпай-ақ өзіңіздің қарызыңыз туралы біле аласыз және төлемді де жүргізе аласыз.
Барлық қажетті қызметтер онлайн режимінде электрондық сервистер арқылы: Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында (kgd.gov.kz), электрондық үкімет порталында (egov.kz) немесе салық төлеушінің кабинетінде қолжетімді.