Өшпес музыка: Алматыда Яков Фудиман еске алынды

1639
Фотосурет: Gov

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәстүрлі альт музыкасына арналған концерт өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шара Қазақстанның танымал альтисті, профессор, «Құрмет» орденінің кавалері, Қазақстан альт мектебінің негізін қалаушы Яков Фудиманды (1934–2007) еске алуға арналды.

Кешке Я. Фудиманның шәкірттері, музыканттар және альт музыкасын сүйіп тыңдаушылар жиналды. Яков Фудиман музыка саласында мол мұра қалдырған тұлға. Сондай-ақ, ол 150-ден астам студент тәрбиелеген үлкен мектеп қалыптастырды. Олардың қатарында мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары, жетекші педагогтар мен артистер бар.

Яков Фудиманды еске алу кеші – концерт қана емес, маэстроның Қазақстандағы альт өнерін дамытуға қосқан зор үлесін айшықтаған ерекше мәдени іс-шара болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -