Белсенді ұзақ өмір: Қарағандыда қарт адамдар үшін жаңа орталық ашылады

5049
Фотосурет: Gov

Қарағандыда қарттарға арналған Ұзақ өмір сүру орталығының қосымша учаскесі ашылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Олар стретчинг, би, тыныс алу гимнастикасы және тренажер залына тегін бара алады.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жаңа учаскесі Ермеков көшесі, 46/2 мекенжайы бойынша 3 наурызда жұмыс істей бастайды. Онда жаттығу залы, спортпен айналысуға және іс-шараларға арналған залдар, үстел ойындары бар. Сондай-ақ орталықта психолог пен заңгердің кеңесін алуға болады.

Мұндай учаскені құру бастамасы Қарағанды белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлеріне тиесілі.

– Біз қарттарға барлығы 27 қызмет түрін көрсетеміз. Мұның бәрі тегін. Қазір бұл қызметтерге фитнес орталығы да қосылады. Ол толық жабдықталған, штат та жоғары педагогикалық білімі бар жаттықтырушылармен жасақталған, – дейді Белсенді өмір сүру орталығы директорының орынбасары Мария Құсайынова.

Орталыққа келуге өтініштерді зейнеткерлер қазірден бастап бере алады. Ол үшін зейнетақы куәлігін, 027у нысаны бойынша амбулаториялық картадан үзінді көшірмені, психоневрологиялық диспансерден анықтама мен флюорографияны қамтитын құжаттар топтамасын жинау қажет.

1 наурызға дейін құжаттарды мына мекен-жайға жеткізу қажет: Қарағанды Орталық саябағы, 157 квартал, 106 учаске, Sport Line фитнес-клубы. Клуб сағат 09:00-18:00, түскі үзіліс сағат 13:00–14:00 аралығында жұмыс істейді.

3 наурыздан кейін құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ермеков көшесі, 46/2, Persona клубы. Жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Қосымша ақпаратты (8-7212) 41-42-36 және 50-52-38 нөмірлері бойынша алуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -