Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Үкіметтік комиссия құрамында Ұлытау облысында болған төтенше жағдай орнына барды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Шыңғыс Әрінов қайғылы оқиғаның орнын жеке өзі тексеріп, штаб отырысына қатысты.
ТЖМ басшысының назары оқиғаның салдарын жоюға тартылған барлық қызметтердің жұмысын үйлестіруге бағытталды.
Үкіметтік комиссияның құрамына төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов және ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев кірді.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 17 ақпанында Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кенішінде тау-кен массасы опырылып құлады. Қайғылы оқиға салдарынан жеті қызметкер қаза тапты. Олардың денелері сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полицияға берілді.