Президенттің айтуынша, екі ел үкіметтеріне жүктелген басты міндеттердің бірі – жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың толықтай жүзеге асырылуын бақылау. Атап айтқанда, тауар айналымының көлемін ұлғайту үшін жаңа мүмкіндіктер іздеу, қазақ-қырғыз шекарасындағы Индустриалды сауда-логистикалық кешенді жедел іске қосуға ықпал ету, сондай-ақ көлік-транзит байланысы үшін қолайлы жағдай жасау қажет.
Өз кезегінде Адылбек Касымалиев қырғыз делегациясына қазақ жерінде көрсетілген қонақжайлыққа ризашылығын білдіріп, Президент Садыр Жапаровтың ізгі сәлемі мен тілегін жеткізді.
Біздің Президентіміз бауырлас Қазақстанмен достық және тату көршілік қарым-қатынасты әрдайым арттыруға зор мән беріп, қолдау білдіріп келеді. Жоғары деңгейдегі кездесулерде қол жеткізілген келісімдердің арқасында Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастық нығая түсті Адылбек Касымалиев
Адылбек Касымалиев мемлекеттер басшылары қойған барлық міндет қазақстандық әріптестермен бірге мұқият пысықталып жатқанын айтты.
Кездесуде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және су-энергетика саласындағы ықпалдастық мәселелеріне айрықша мән берілді.