Ұлттық ұлан дирижерларының төрт туындысы әскери шеруде орындалады

2002
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

2025 жылдың 7 мамырында Астана қаласында әскери шеру өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оған 4 мыңнан астам әскери қызметкер қатысады. Олардың 315-і әскери музыканттар. Ұландықтар  ҚР күштік құрылымдарынан тұратын оркестрдің құрамында Жеңіс шеруін музыкамен сүйемелдейді.

Бүгінде құқықтық тәртіп әскерінің оркестрі Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге қызу дайындықты бастады.

Былтырғы желтоқсанда әскери шеруге дайындық мәселелері талқыланып, музыкалық шығармалар іріктелген болатын. Нәтижесінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери дирижерлары жазған 4 музыкалық шығарма шеру кезінде орындалады.

Шеру кезінде біздің оркестр «Шаттық», «Генерал Шакир Джексенбаев» және құқықтық тәртіп әскерінің әнұранына айналған «Елдің қорғаны» мен «Батыр» марштарын орындайды. Бұл шығармалар жауынгерлердің бойындағы рухты оятады және жігерлендіреді Әскери-оркестр орталығының басшысы Олжас Құдайқұлов

Ұландықтар әзірлеген төл төрт туындының бірі – «Батыр» қарсы алу маршы. Оны орталықтың аға офицері Наиль Валиев жазған:

Бір жыл бұрын маған үрмелі оркестрге арналған марш жазу идеясы келді. Өзім де үрмелі аспаптарда ойнаймын, кларнетистпін. Менің бұл туындымның музыкасы күшті, анық, жылдам және жарқын. Автор ретінде шығармамның ауқымды әскери шеруде орындалатыны мен үшін үлкен абырой

Айта кетейік, әскери шеруге ІІМ Ұлттық ұланының оркестр мүшелері тыңғылықты дайындық жүргізуде. Олар шығармашылық туындыларын ғана емес, киім үлгілерін де жаңартпақ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -