Дін бостандығының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторлары

1837
Фотосурет: Gov

Ағымдағы жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен индикаторларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Отырыс барысында конфессияаралық және мемлекеттік-конфессиялық қатынастар бойынша көрсеткіштерді, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі діни белсенділік көрсеткіштер тізбесін қамтитын наным және діни сенім бостандығының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторлары бекітілді.

Индикаторларды әзірлеу барысында діни қызмет саласындағы сарапшылардың қатысуымен жұмыс отырыстары өткенін, халықаралық тәжірибе зерттелгенін, сондай-ақ БҰҰ АҚЖКБ және шетелдік құқық қорғау ұйымдарының ұсынымдары ескерілгенін атап өту маңызды.

Индикаторлар діни бірлестіктер және құқық қорғау ұйымдары тарапынан билік институттарына деген сенім деңгейін көтереді, сондай-ақ діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы имиджі мен рейтингін нығайтады деп күтілуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -