Жаңа мүмкіндіктер: Алматыда жасанды интеллект мектебі ашылды

2167
Фотосурет: t.me/almaty_akimat

Алматыда жаңа білім беру жобасы – Жасанды интеллект мектебі жұмыс істей бастады. Ол Алмалы ауданындағы комьюнити-орталықтың базасында ашылды. Бастама Жастар саясаты басқармасы мен Qazaq IT Community қолдауымен жүзеге асырылған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Енді алматылық жастар жасанды интеллект технологияларын тегін оқып, заманауи AI құралдарды меңгере алады. Бұл олардың білім алуына және мансабына пайдалы болмақ.

Бағдарлама машиналық оқыту алгоритмдері мен нейрондық желілерді тәжірибелік түрде үйренуді қамтиды. Qazaq IT Community негізін қалаушы Әсем Болатжан бұл қадамның қалада мықты IT қоғамдастық қалыптастыру үшін маңызды екенін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -