Алматыда заңсыз сауда нысандарын бұзу жұмыстары жалғасуда

3003
Фотосурет: t.me/almaty_akimat

Әуезов ауданында мемлекеттік қор жерлерінде орналасқан 63 заңсыз сауда нысаны мен 28 күш өлшеуіш сүрілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Олардың ішінде Жұбанов және Момышұлы көшелерінде самса, пицца және чебурек сататын 4 дүңгіршек бар.

Бұл жұмыс қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан өз бетінше орнатылған заңсыз сауда нысанын жою науқаны аясында қолға алынған. 

4 ақпаннан бастап Алматыда 300-ден астам заңсыз сауда нысаны және 222 күш өлшеуіш сүрілді. Жұмыс 15 наурызға дейін жалғасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -