Қазақтелекомда жүздеген миллионға жеткен қаражат ұрлығы әшкереленді

1089
Фотосурет: arnapress.kz

«Қазақтелеком» АҚ Сервистік фабрикасы — филиалының лауазымды адамдарына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық компанияның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты бөлімше болып табылатын «Қазақтелеком» АҚ Сервистік фабрикасы — филиалының лауазымды адамдарының өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Бас директор мен филиал қызметкері мемлекет мүддесіне қайшы және кәсіпкер үшін пайда табу мақсатында Тараз қаласындағы акционерлік қоғамның әкімшілік ғимаратын көрінеу төмендетілген құны бойынша мемлекетке 460 млн теңгеден астам сомаға залал келтіре отыра іске асырды деп күдіктенуде.

Қабылданған шаралармен жылжымайтын мүлік объектісі мемлекеттік меншікке берілді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -