Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, осы елдің Премьер-министріне және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Сонымен қатар зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.