Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге Ақтау гарнизонынан 150-ге жуық теңізші қатысады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Әскери теңізшілер елордада өтетін салтанатты шараға дайындығы қарқынды жүріп жатыр. Әртекті кемелер дивизионының жеке құрамынан 30-ға жуық теңізші, десантты-шабуылдаушы батальонынан 40 теңіз жаяу әскері, гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің 25 жауынгері және әскери-теңіз базасы басқармасының 30 әскери қызметшісі қатысады.
Олар қазір әскери-теңіз базасы мен әскери пирсте саптық дайындық элементтерін жетілдіруге жаттығып жатыр.
Бүгін біз саптық байқау өткіземіз. Содан кейін жеке құрамның күшейтілген дайындығы жалғасады. Көп ұзамай парадқа қатысатын әскери қызметшілер елордаға жол жүреді Деп атап өтті әскери-теңіз базасының командирі полковник Есенғали Байботаев
Дайындық әскери қызметшілерден қатаң тәртіп пен ұйымшылдықты талап етеді. Өйткені әр элемент жетілдірілуі керек. Теңізшілердің жаттығуы елордада Әскери-теңіз күштерінің сап дайындығын лайықты паш ете аларлық нақты жоспарға сәйкес ұйымдастырылған.