Астана маңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысушылардың қарқынды жаттығулары өтіп жатқан шатырлы лагерьге Қарулы күштердің ардагерлері мен ауған жауынгерлері келді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Отан қорғаушылардың бірнеше буынының осылайша кездесуі жылы әрі достық атмосферада өтті.
Ерлік мектебінен өткен және жауынгерлік достықтың бағасын білетін ардагерлер Қазақстан әскерін құрудағы маңызды кезеңдер, қызметтің қызықты эпизодтары, өткен жылдардағы парадтар, олардың ел және Қарулы күштер үшін маңызы жайлы айтты.
Жас офицерлер, сарбаздар мен сержанттар, әскери білім ордаларының курсанттары мен кадеттері сұрапыл соғыс сынынан өткен жауынгерлерді ыждағатпен тыңдады. Әңгіме арасында қызықты деректер, одан басқа әскери борыш пен патриотизм тақырыптары да қозғалды.
Мерейтойлық датаға арналған шеруге қатысу үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік. Сап түзеген жауынгерлер, лектер мен қатарлар арасындағы арақашықтық, қатарлар, аралықтардың біркелкілігі – бұндай үйлесімді қимылды бұрынғы парадтарда көрдік. Сендер де бұл тапсырманы орындап, әскерлің ел мен жерді қорғауға жауынгерлік күші мен дайындығын көрсететіндеріңе сенімім мол Отставкадағы контр-адмирал Ратмир Комратов
ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Ратмир Комратов және мерзімді қызметтің әскери қызметшісі гвардия қатардағы жауынгері Алмаз Дәулетбекұлы екеуі де Тараздың тумасы. Мұны білген сарбаз өзінің туған жері туралы өлең оқып берді, ол контр-адмиралға ерекше әсер етіп қуанды.
Ардагерлер парадқа қатысушылардың тұрғылықты жағдайымен, тамақтану және медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырумен танысып, оларға мықты денсаулық, табандылық, сенімділік және құрметті миссияның ойдағыдай өтуін тіледі.