Алматыда заңсыз сауда нүктелерін бұзу жұмыстары жалғасуда

1639
Фотосурет: Gov

Алматының Алатау ауданында заңсыз орналастырылған стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) сүру жұмыстары қарқын алды. Өз бетінше орнатылған СЕСН-дерді жою науқаны Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында қолға алынған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бүгінгі таңда Алатау ауданында 119 заңсыз СЕСН мен 40 күш өлшеу құрылғысы бұзылды. Атап айтқанда, соңғы күндері Мәдениет, Саялы және Әйгерім шағын аудандарында заңсыз дүңгіршектер алынып тасталды.

Жергілікті тұрғындар бұл бастаманы қолдайды. «Енді ауламыз кеңейіп, таза болып қалды, бұрын бұл дүңгіршектер ретсіздік тудырып, жүріп-тұруға кедергі келтіретін», – дейді Саялы шағын ауданының тұрғыны.

Қаланың заңсыз нысандардан ауқымды түрде тазартылуы Алматының сәулеттік келбетін жақсартуға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қолайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған. Бүгінде мемлекеттік қордың жерінде орналасқан 360 СЕСН мен 274 күш өлшеуіш алынып тасталды

Бұзу жұмыстары жалғасуда, ал қала әкімдігі кәсіпкерлерді сауда нысандарын орналастыру кезінде белгіленген нормалар мен ережелерді сақтауға шақырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -