Салық туралы жалған хаттар WhatsApp пен электронды пошта арқылы тарап жатыр

2585
Фотосурет: pixabay.com

Қазақстанда салық органдарының атынан жалған хабарламалар жиілеп кетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бүгінгі таңда интернет-алаяқтар «Салықты төлеу қажеттілігі туралы ескерту» деген тақырыппен фейк хабарламаларды электронды пошта арқылы немесе WhatsApp желісі арқылы жіберуді жалғастырып жатқанын хабарлайды.

Ескертеміз, барлық хабарламалар мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жасалып, нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарлама нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде жасалады.

Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері хабарламаларды тек "салық төлеушінің кабинетіне", "электрондық үкімет" порталының жеке кабинетіне және "e-Salyq" мобильді қосымшаларына жібереді. Салық төлеуші хабарламалардың бір бөлігін бірден өзінің жеке кабинетінде КТС, ЭҮП немесе ESA, ESO-да көре алады. Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылған хабарламалар салық төлеуші қол қойылған PDF нысанын өзінің электрондық поштасына КТС немесе ЭҮП арқылы дербес сұратады.

Осыған байланысты абай болуға, жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражаттарын аудармауға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сұраған деректерді (Аты-жөні, байланыс нөмірі, лауазымы, мекенжайы және басқа мәліметтер) толтырмауға және ұсынбауға, сондай-ақ алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береміз. Маңызды! Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілердің электрондық пошталарына жіберу жүзеге асырылмайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -