Астанада адвокаттық қызметті дамытудың жаңа орталығы ашылды

3256
Фотосурет: advokatura.kz

Астанада Республикалық адвокаттар алқасының жаңа кеңсесі ашылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

 Бүгін Астанада барлық 20 аумақтық адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен Республикалық адвокаттар алқасының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті.

Парламент Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Мұрат Қадырбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Абзал Құспан,

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов, ҚР Конституциялық Соты аппараты басшысының орынбасары Ерлан Сапаров, ҚР Әділет министрінің орынбасары Ботагөз Жақселекова құттықтау сөз сөйледі.

Кеңсенің ашылуы отандық адвокатураны дамытудағы алға жасалған қадам ғана емес, сонымен бірге бірлік, ортақ іске деген сенім және өз кәсібіне деген адалдықтың символы болды. Үш жыл ішінде бүкіл Қазақстанның адвокаттары адвокатура мен құқық қорғау қызметін дамытуға қызмет ететін кеңістік құру үшін қажет бюджетті қалыптастырды.

Кеңсенің заманауи инфрақұрылымы алқа жұмысының тиімділігін арттыруға, билік өкілдері, ғылыми қоғамдастық, судьялар корпусы және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау үшін ашық алаң құруға мүмкіндік береді.

«РҚА кеңсесі -  адвокатураның мүддесін қорғау үшін аса маңызды шешімдер қабылданатын, адвокаттар қауымдастығының үні  естілетін, оң өзгерістерге бағытталған жұмыс жүргізілетін кеңістік.

Біз жаңа кеңсенің қабырғасында адвокатураның 100 жылдан астам тарихы, оның қалыптасуы, адвокаттар одағы, Республикалық алқа туралы, қиын, кейде қауіпті кездерде әділдікті қорғаған алғашқы Қазақстандық адвокаттар жайында  айтылғанын, талқыланғанын қалаймыз. Атақ үшін жүрген қорғаушы емес, басқа таңдауы болмаған құқық қорғаушы туралы.

Жаңа кеңсенің ашылуы — болашаққа жасалған үлес. Біз оның адвокатураға деген сенімді нығайтуда, әділдікті ілгерілетуде және құқықтық мемлекеттілікті дамытуда маңызды дәнекер болатынына сенімдіміз», – деді Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев.

Жаңа кеңсе сапалы және тиімді жұмыс істеу үшін барлық қажетті заттармен жабдықталған: жайлы конференц-зал, заманауи инфрақұрылым, қабылдау аймағы және жұмыс кабинеттері ескерілген

Жаңа кеңсе Астана қаласы, Ә.Бөкейхан даңғылы, 16/2, ВП-1 мекенжайында орналасқан.

Кеңсе мәселесін шешуге байланысты келесі республикалық конференцияның қарауына Республикалық адвокаттар алқасына жарнаны 50 пайызға қысқарту туралы мәселені енгізу жоспарлануда.

Еске салсақ, Республикалық адвокаттар алқасы коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым. ҚР Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда адвокаттар мен адвокаттар алқаларының өкілдігі мен мүддесін қорғау, адвокаттар алқаларының қызметін үйлестіру, адвокаттар көрсететін заң көмегінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында әрекет етеді.

РАА негізгі миссиясы - қазақстандық адвокатураның мүддесін ілгерілету және биліктің барлық деңгейінде елдің барлық адвокаттарының құқықтарын қорғау, адвокат мамандығы құрметті, қорғалған, жоғары ақы төленетін, тәуелсіз және нақты іс жүргізу және институционалдық мәртебеге ие болуына ықпал ету.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -