Әскери полиция қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті

1375
Фотосурет: Gov

Әскери полиция күніне орай Қорғаныс министрлігінде басшылық пен жеке құрамның қатысуымен салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.    

Әскери полиция бас басқармасының бастығы полковник Руслан Құлымбетов құттықтау сөзінде ардагерлердің Қазақстан әскеріндегі құқық қорғау құрылымының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін атап өтті.

 Биылғы жылы кәсіби мереке Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге дайындықпен тұспа-тұс келді. Сондықтан қазір әскери полицияның құрама жасағы өздеріне жүктелген кәсіби міндеттерін орындайды, көлік лектеріне ілесіп жүреді, далалық лагерь аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді Руслан Құлымбетов

Басқарма басшысы Жеңіс парадына жалпы 300-ден аса әскери полиция қызметкері қатысатынын атап өтті. Олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, салтанатты есептоп құрамында да адымдап өтеді. 

Мерекелік шарада ерекше көзге түскен әскери қызметшілер Әскери полиция бас басқармасы бастығының атынан грамоталармен, алғыс хаттармен және ведомстволық төсбелгілермен марапатталды. Бірқатар әскери қызметшілерге кезекті әскери атақ мерзімінен бұрын берілді.   

Шараның соңы ҚР Қарулы күштері Әскери полиция органдарының құрылғанына 28 жыл толуына арналған мерекелік концертпен аяқталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -