Қазақстандық банктер кредиттер беру кезінде көбірек факторларды ескеретін болады

1331
Фотосурет: Newtimes.kz / ©Ыдырыш Ертай

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қаулы жобасы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған және белгілі бір факторлар болған кезде жеке тұлғаларды тәуекел деңгейі жоғары қарыз алушылар ретінде жіктеу өлшемшарттарын белгілеу бойынша жеке тұлғалардың кредит қабілеттілігін бағалауға қойылатын талаптарды күшейтуді көздейді.

Сондай-ақ қаулы жобасында жеке тұлғалардың өмірлік мән-жайларын бағалауға байланысты олардың берешегін реттеу бойынша кредиттік шешімдер қабылдаудың ішкі тәртібінің болуына қойылатын талаптар күшейтіледі.

Бұдан басқа, банктерде бақылау функцияларын орындайтын клиенттердің – жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бөлімшесін құру, сондай-ақ, банк қызметінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын сақтау саясаты мен рәсімдеріне қойылатын талаптарды белгілеу көзделеді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -