Бірлік пен келісім арқылы барлық қиындықты еңсереміз – Тоқаев

1661
Фотосурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды шын жүректен құттықтады. Президент бұл мерекенің еліміз үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, халқымыз ортақ құндылықтарға және жасампаз мақсаттарға сүйене отырып, болашаққа сенімді қадам басып келеді. Елімізде түрлі этнос өкілдері татулық пен өзара келісімде өмір сүріп жатыр, бұл Қазақстанның басты байлығы мен тұрақтылығының кепілі.

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ерекше атап өтті. Оның сөзінше, бұл бірегей институт алғашқы күннен бастап елдегі бейбітшілік пен келісімнің жаршысы болып келеді. Ассамблея азаматтар арасындағы өзара құрмет пен сенімге негізделген қоғам құруға үлкен үлес қосып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің табысты дамуы халықтың бірлігі мен татулығына тікелей байланысты екенін айтты. Қолға алынған ауқымды реформалардың нәтижелі жүзеге асуы да осы ауызбіршілік пен тілеулестікке негізделеді.

Президент өз құттықтауында елдің болашағы – Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды бірлесе отырып құру жолында барша азаматтарды бірігуге шақырды. Оның айтуынша, теңдікке, сенім мен мәдени әралуандылыққа негізделген қоғам ғана биік белестерді бағындыра алады.

Мемлекет басшысы барша халыққа амандық, бақ-береке және ашық аспан тіледі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aqorda (@akordapress)

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -