Қарағандылықтар Орталық саябақта Жеңіс парадын тамашалады

3377
Фотосурет: Gov

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан астанасында әскери шеру өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Салтанатты іс-шара Астанада, сондай-ақ бүкіл еліміз бойынша мыңдаған көрермендерді жинады.

 Қарағандыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін шеру орталық мәдениет және демалыс саябағында орнатылған үлкен LED-экранда тікелей эфирде көрсетілді.

Алаң трансляция басталғанға дейін толды. Қарағандылықтар саябаққа отбасыларымен келді. Әкелері мен аталарының ерлігі деген мақтаныш пен ризашылық көрермендердің көзінен сезілді.

Шеруден кейін Орталық саябақта мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Қала тұрғындары үшін нағыз сыйлық Бұқар жырау даңғылының үстінен жауынгерлік авиацияның ұшуы болды.

Отан қорғаушы күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада шеру аяқталғаннан кейін Қарағанды үстінен СУ-30СМ жауынгерлік ұшпқтары , Л-39 оқу-жауынгерлік ұшақтары және көп мақсатты Л-410 ұшақтары ұшып өтті. Ұшқыштар дайындық пен үйлесімділіктің ең жоғары деңгейін көрсете отырып, әуе саптамасын барынша дәлдікпен орындады.

"Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Шәкен Жарылқасынов азаматтарды құттықтады.

Осы айтулы күні бәріміз өткеніміз үшін және болашаққа деген сеніміміз үшін ерекше мақтаныш сезінеміз. Жеңіс шеруі - бұл тек әскери дәстүр емес, бұл батылдық, төзімділік және Отанға деген сүйіспеншілік. Барлық әскери қызметшілердің атынан Сіздерді Жеңіс күнімен және Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Баршаңызға ашық аспан тілеймін Шәкен Жарылқасынов

Ұшақтардың таңғажайып ұшуы көрермендердің эмоцияларын тудырды.  Мерекенің шарықтау шегі болған бұл сәт қала тұрғындарының жадында ұзақ уақыт сақталмақ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -