Семейде ардагерлерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

2178
Фотосурет: Gov

9 мамырда Абай облысының әкімі Берік Уәли мен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы полковник Руслан Омаров соғыс ардагерлері Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Шевцовты құттықтап барды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі үшін ардагерлерге ризашылығын білдірген Берік Уәли оларға мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді.

Майдангерлерге мерейтойлық медальдар, бес миллион теңгенің сертификаты және облыс әкімдігінен арнайы сыйлығы табыс етілді.

– Ұлы Жеңісті жақындатқан ардагерлердің бәріне ризашылығымды білдіргім келеді. Бүгінгі бейбіт күніміз үшін сіздерге мың алғыс, – деді Берік Уәли.

Қорғаныс министрі атынан ардагерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Руслан Омаров табыстады.

Ал Ұлттық ұлан 5511 әскери бөлімінің әскери оркестрі соғыс жылдарындағы әуендерді орындады.

Әбдіғали Қаймолдин 1921 жылы Семей облысының Абралы ауылында дүниеге келген. Жиырма жасында өз еркімен майданға аттанды. Ол Сталинград, 1-ші Украина, 1-ші Беларусь және 3-ші Балтық майдандарында шайқасты. Қызыл Жұлдыз, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Иван Шевцов 1926 жылы дүниеге келген. 18 жасында Қызыл Армия қатарына шақырылды. Еуропа елдерін азат етуге қатысты. II дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -