Ерлан Қарин аңызға айналған батыр қыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

2123
Фотосурет: Akorda

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған жалпыұлттық іс-шаралар аясында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жиынға Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесі қатысты.

Биыл еліміз Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

Ерлан Қарин салтанатты рәсімде Президент тапсырмасына сәйкес осынау атаулы датаға орай көптеген іс-шара жоспарланғанын жеткізді.

Атап айтқанда, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай жастар арасында халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өтеді.

Сондай-ақ қазақтың қайсар қызының өмір жолы мен ерен ерлігін паш ететін деректі фильм түсіріліп, көрмелер мен спорттық-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Әлия Молдағұлова өскелең ұрпақ үшін ерлік пен жанқиярлықтың үлгісі болып қала береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -