Жеңіс күніне орай Астананың аспаны мыңдаған шамдармен жарықтандырылды

1815
Фотосурет: Gov

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік отшашу өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ASTANA (@akimat__astana)

Отшашу сағат 22:00-де қаланың екі орнынан – Атырау көпірі маңынан (қалалық жағалау) және Ботаникалық саябақ аумағынан атылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Отшашуды тамашалауға 70 мыңнан астам адам келді.

Отшашу 5 минутқа созылып, әр жерден 4 мыңға жуық мәрте атылды.

Мерекелік отшашу Жеңіс күніне арналған ауқымды іс-шаралар бағдарламасының бір бөлігі болды.

Елордада барлығы 100-ден астам түрлі іс-шара, оның ішінде концерттер, қойылымдар, ғылыми конференциялар, мектептердегі тәрбие сағаттары және басқа да патриоттық шаралар өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -