Алматы аспанын Ұлы Жеңіс рәміздері жарықтандырды

1738
Фотосурет: @almaty_akimat

Алматы аспанында Ұлы Отан соғысы қаһармандарының бейнелері көрінді, деп хабарлайды DKnews.kz.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)

9 мамыр күні Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды дрондар шоуы өтті. Бұл шара мерекенің шарықтау шегіне айналды.

Абай алаңында 500-ден астам дрон көкке көтеріліп, жарық пен анимация арқылы ерлік пен жанқиярлықты, есте қалған ерлікке толы сәттерді баяндады. 

Сонымен қатар, қазақстандық батырлардың — Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов және Бауыржан Момышұлының бейнелері аспанда жаңғырды.

Маңызды символ ретінде Мәңгілік алау, Жеңіс туының көтерілген сәті мен «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» деген жазу көрсетілді. Шоудың шарықтау сәті – қазақы оюмен көмкерілген композиция және «Жеңіс күні құтты болсын!» деген жарқыраған жазу болды.

Шараны 60 мыңнан астам көрермен тамашалады, сонымен қатар онлайн трансляция да жүргізілді.

Бұл әсерлі шоу – тек құрмет көрсету ғана емес, тарихи мұраны сақтау мен ұлттық мақтаныш сезімін заманауи түрде жеткізудің көрінісі болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -