ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының спорт залында мини-футболдан командалық чемпионат өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Турнирге құқықтық тәртіп әскерлерінің басқармалары, қызметтері мен орталықтарынан құралған 15 команданың 120 әскери қызметшісі қатысты.
Жарыстың басты мақсаты — әскери ұжым арасында командалық рухты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Турнир қорытындысы бойынша:
- I орын — Әскерлерді басқару орталығының командасы;
- II орын — Автоматтандыру басқармасының командасы;
- III орын —Жауынгерлік даярлық бас басқармасы, Әскер қызметі және әскери қызметтің қауіпсіздігі бөлімі командасы иеленді
Жеке номинациялар бойынша:
- Үздік ойыншы — серверлік жабдықтар бойынша техникалық көмек тобының маманы (технигі) қатардағы Әділ Жандәулет;
- Үздік қорғаушы — ақпараттық-баспа бөлімі бейнестудия бөлімшесінің бастығы капитан Ұлан Борамбаев;
- Үздік қақпашы — Әскерлерді басқару орталығы қызметі бастығының көмекшісі сержант Еркін Қабылов;
- Ең үздік гол авторы — ИТЖ орталығы техникалық күзет құралдары тобының маманы (технигі) аға сержант Сәбит Жақсыбаев үздік деп танылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Спартакиада — Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында бірлік, кәсібилік пен спорттық шеберлікті нығайтуда.