Түркістан облысында қанша елді мекен газға қосылады?

2728
Фотосурет: Gov

2024 жылдың қорытындысымен республика халқының орташа газбен қамтылу көрсеткіші 62,4% құраған. Оның ішінде, Түркістан облысы халқының 85,5% немесе 563 елді мекеннің 69,7%-ы табиғи газға қосылып, қамту көрсеткіші бойынша республикада 8-орынға жайғасқан, деп хабарлайды DKnews.kz.

Өткен жылы бюджеттен 27,3 млрд теңге бөлініп, 115 нысан құрылысы іске асырылды. Оның ішінде, 70 нысан құрылысы аяқталса, 45-і 2025 жылға өтпелі. Биылғы жоспарға сәйкес, 64 нысанға 9,7 млрд теңге қаралып, 34 елді мекендегі 38 нысан құрылысы аяқталмақ. Сондай-ақ, 2026 жылға өтпелі 26 нысанға 23,5 млрд теңге қаржы қарастыру жұмыстары жүргізілуде. Энергетика министрлігі арқылы «Самұрық-Қазына» қоры есебінен облысқа 9,4 млрд теңге қаржы бөлу жоспарлануда. Қажетті қаржы бөлінген жағдайда, жыл қорытындысымен 45 елді мекендегі, яғни 84 мың халық табиғи газға қосылады. Нәтижесінде 89,4% облыс тұрғыны табиғи көгілдір отынмен қамтылмақ. Сонымен қатар, құны 25,7 млрд теңгені құрайтын 45 нысан республикалық бюджеттің кезекті нақтылауына ұсынылған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -