Қазгидромет РМК мәліметінше, 12 маусымда еліміздің көп бөлігінде найзағай күтіледі. Қостанай облысында қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды DKnews.kz. . Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте – шаңды дауыл, оңтүстік-батыста – тұман күтіледі. 16 өңірде қатты жел мен өрт қаупіне байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Астана қаласында найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел – оңтүстік-шығыстан, екпіні 15–18 м/с дейін күшейеді.
Алматы қаласында түнде найзағай болуы ықтимал. Жел – оңтүстік-шығыстан, түнде екпіні 15–20 м/с.
Шымкент қаласында күндіз найзағай мен дауыл болады деп күтіледі. Жел – оңтүстік-шығыстан, күндіз екпіні 15–20 м/с.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15–20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде және орталығында жоғары, оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Жетісу облысының оңтүстігінде күндіз найзағай күтіледі. Шығысында жел – солтүстік-шығыстан, екпіні 15–25 м/с.
Атырау облысының батысы, шығысы және оңтүстігінде найзағай, күндіз аптап ыстық (35–38°C) күтіледі. Жел – оңтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында және шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аймақтарында найзағай, жел күшеюі болжанады. Өңірде өте жоғары және жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15–18 м/с. Күндіз қатты ыстық (35°C) күтіледі. Өңірде жоғары, ал оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жел – солтүстік-батыстан, солтүстіктен, екпіні 15–18 м/с. Оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында түнде найзағай, күндіз найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел – оңтүстік-шығыстан, екпіні 15–20 м/с. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай, дауыл болады. Жел – оңтүстік-шығыстан, екпіні 15–20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел – оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Өңірде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігінде найзағай мен бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Жел – оңтүстік-шығыстан, екпіні 15–20 м/с. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігі, батысы мен оңтүстігінде найзағай күтіледі, батысында бұршақ жаууы мүмкін. Жел – оңтүстік-шығыстан, кейде шығыстан, екпіні 15 м/с. Өңірде жоғары, батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында найзағай, солтүстігі мен шығысында бұршақ күтіледі. Жел – оңтүстік-батыстан, батыстан, екпіні 15 м/с. Өңірде жоғары, оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде найзағай күтіледі, оңтүстігінде бұршақ жаууы ықтимал. Жел – солтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с. Өңірдің орталығында жоғары, ал өзге бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз найзағай, жел – солтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с. Күндіз аптап ыстық (35–37°C), солтүстігінде жоғары, оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай, батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батысы, оңтүстік-шығысы және орталығында жоғары, солтүстігі мен шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.