Ақжайық ауданында сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйді бөлу саласында заңбұзушылықтар анықталды. Прокуратура 2017-2025 жылдар аралығында салынған тұрғын үйлердің құрылысы мен рәсімделуінің заңдылығына кешенді талдау жүргізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Тексеру нәтижесінде жалпы құны 53 млн теңге болатын 10 тұрғын үйдің мемлекеттік меншікке тіркелмегені анықталды. Бұған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы — яғни тұрғын үйлерді жергілікті атқарушы органдардың балансына қабылдау үшін қажетті мемлекеттік қызметтерге ақы төлемеуі себеп болған.
Соның салдарынан бұл тұрғын үйлер құқықты қалаңнан тыс қалып, мақсатына сәйкес пайдаланылмаған.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық 10 нысан тіркеліп, мемлекет меншігіне қайтарылды және олардың заңды мәртебесі қалпына келтірілді. Жауапты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура алдағы уақытта да тұрғын үй саласында заңдылықтың сақталуын және мұқтаж азаматтар үшін ресурстардың әділ бөлінуін қамтамасыз ету бағытында жұмыстарын жалғастырады.