«Семей орманы» резерватына орман өрттерін ерте анықтау жүйесі енгізілуде, деп хабарлайды DKnews.kz.
"Семей орманы" резерватының Бородулиха филиалының Камышен орманшылығында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев пен "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Б. Мусиннің қатысуымен өртті ерте анықтау жүйесінің автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату орындары ашылды.
"Семей орманы" резерватының аумағында ерте анықтау жүйесі іске қосылды. Ол орман өрттеріне жедел ден қоюға, ықтимал тәуекелдерді бағалауға және өртті ерте кезеңдерде оқшаулауға мүмкіндік береді.
"Семей орманы" резерваты еліміздің орман өртіне бейім өңірлерінің бірі. Ағымдағы жылдың басынан бастап 42 өрт ошағы тіркелді, олардың едәуір бөлігі табиғи факторлардан, соның ішінде құрғақ найзағай разрядтарынан туындады.
Сонымен қатар, инвесторлармен кездесуде ЖТҚ әзірлеу көлемін ұлғайту бойынша нақты нұсқаулар берілді. Министр туындаған мәселелерді жедел шешудің маңыздылығын атап өтіп, жағдайды тұрақтандыру және көлемдерді уақтылы игеру үшін маусым айының соңына дейін мерзім белгіледі.
Енгізілген жүйе қазіргі заманғы термовизиялық және оптикалық камераларды пайдалана отырып, орман алқаптарының тәулік бойы бейнемониторингіне арналған. Камералар биіктігі 30 метр антенна-діңгек құрылыстарына орналастырылады, 360 градусқа айналады және жасанды интеллект көмегімен түтін немесе от белгілері автоматты түрде ерте кезеңдерде танылады.
Өрт белгілері анықталған кезде жүйе жедел басқару орталығына сигналды бірден жібереді, бұл өрт ошағын тез оқшаулауға және жоюға мүмкіндік береді.
Болашақта жүйе ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына қосылады, бұл тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін республикалық деңгейде орман алқаптарының орталықтандырылған мониторингін қамтамасыз етеді.
Осылайша, "Семей орманы" жобасы-табиғатты сақтауға және орман алқаптары маңында тұратын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешім.