Жаз маусымы дәстүрлі түрде баяулау, демалыстар мен «тыныш кеңсе» кезеңі ретінде қабылданады. Алайда шынайы өмір әлдеқайда күрделі: біреулер үшін бұл — қарбалас уақыт, біреулер болашаққа жоспар құрады, ал кейбіреулер үшін жаз — жай ғана күнтізбедегі үш ай. hh.kz платформасы 90-нан астам жұмыс берушіге сауалнама жүргізіп, кадр іріктеуден бастап ұжымдық рухты сақтауға дейін жаз мезгіліне бейімделудің түрлі жолдарын анықтады.
Жаз мезгілі компания белсенділігіне қалай әсер етеді?
- 30% — жұмыстағы қарқын азаяды, қызметкерлер демалыста
- 30% — ешқандай өзгеріс жоқ
- 30% — әдеттегіден де көп жұмыс болады
- 13% — маусымға қарай белсенділік құбылып тұрады
- 12% — бұл кезең — нағыз қызу шақ
- 1% — басқа
* Әр респондент бірнеше жауап нұсқаларын таңдай алады
Қорытынды:
Жұмыс берушілердің 30%-ы жазда белсенділік төмендейтінін айтса, тағы 30%-ында бәрі тұрақты, ал қалған 30%-да керісінше, жұмыс көбейеді. 13% жазғы динамика айға байланысты өзгеретінін атап өтсе, 12% үшін бұл — ең қарбалас маусым.
Сіздер жазда кадр іріктеуді жалғастырасыздар ма?
- 44% — иә, белсенді түрде іздейміз
- 14% — иә, бірақ сирек
- 20% — тек шұғыл немесе уақытша позицияларға
- 14% — жыл бойы тұрақты түрде жалдаймыз
- 9% — уақытша тоқтаттық
- 2% — басқа
*Әр респондент бірнеше жауап нұсқаларын таңдай алады
Қорытынды:
Компаниялардың 44%-ы жазда да белсенді түрде кадр іріктеуді жалғастырады. 14%-ы бұл кезеңде қарқынын сәл төмендетеді, ал 20%-ы тек уақытша қажеттіліктерге назар аударады. Тағы 14% үшін маусым маңызды емес — жұмыс тұрақты. Тек 9% ғана жазда қызметкер жалдауды тоқтатқан.
Жазда жұмыс кестесі өзгере ме?
- 89% — бәрі бұрынғыша
- 9% — жеңілдіктер бар (қысқа жұма, т.б.)
- 4% — ішінара қашықтан жұмысқа көшеміз
- 2% — қызметкерлерге кестені таңдауға мүмкіндік береміз
*Әр респондент бірнеше жауап нұсқаларын таңдай алады
Қорытынды:
89% компанияда жазғы кезеңде жұмыс кестесі өзгермейді. Тек 9% ғана маусымдық жеңілдіктер енгізсе, 4% ішінара қашықтан жұмыс істейді. Ал 2% компания қызметкерлеріне кестені өз қалауынша таңдауға еркіндік береді — толық икемділік әлі сирек құбылыс.
Жазда жұмыс іздеушілер белсенділігі төмендей ме?
- 30% — жауап саны азаяды
- 22% — кейбір бос жұмыс орындарына ғана
- 26% — динамиканы бақыламадық
- 14% — керісінше, қызығушылық артады
- 12% — белсенділік тұрақты
*Әр респондент бірнеше жауап нұсқаларын таңдай алады
Қорытынды:
30% жұмыс берушілер жазда жауаптардың азайғанын байқайды, ал 22% — тек кейбір позициялар бойынша. 14% компанияда, керісінше, белсенділік арта түседі. 12% еш өзгеріс жоқ десе, 26% мұндай талдау жүргізбеген.
Жазда ұжымдық рухты не сақтап тұрады?
- 33% — бірлескен іс-шаралар, мерекелер
- 29% — кеңседегі жайлы жағдайлар (желдеткіш, жеміс, мұз)
- 13% — икемді кесте және тепе-теңдікке көңіл бөлу
- 27% — мотивацияны сақтау қиын екенін ашық мойындаймыз
- 22% — маусымға қарамай белсенділік жоғары
- 1% — басқа
*Әр респондент бірнеше жауап нұсқаларын таңдай алады
Қорытынды:
33% компания ұжымдық шараларға мән береді, 29% – кеңседегі жайлылыққа, 13% – икемділікке. Ал 27% жазда мотивацияны ұстап тұру қиын екенін жасырмайды. 22% үшін қызметкерлердің белсенділігі жыл он екі ай жоғары деңгейде.
Компанияда жазға тән дәстүрлер бар ма?
- 32% — бар, мысалы, ұжыммен табиғат аясында демалу, балмұздақ тарату
- 22% — жыл сайын жаңа форматтар қолданып көреміз
- 25% — әзірге жоқ, бірақ ойда бар
- 26% — жазда тек жұмысқа назар аударамыз
*Әр респондент бірнеше жауап нұсқаларын таңдай алады
Қорытынды:
32% компанияда жазғы дәстүрлер қалыптасқан, 22% әр маусымда жаңа нәрсе сынап көреді, ал 25% болашақта енгізуді жоспарлап отыр. 26% болса, жазда көңілді шаралардан гөрі, жұмысқа көбірек басымдық береді.
Сіздің компанияңыз үшін жаз нені білдіреді?
- 36% — бәрі бұрынғыша
- 31% — стратегиялық жоспарлау және күзге дайындық кезеңі
- 22% — тұрақтылықты сақтайтын тыныш уақыт
- 18% — процестерді жаңарту және тыныш іске қосу
- 9% — табыс көлемі артады
- 2% — басқа
*Әр респондент бірнеше жауап нұсқаларын таңдай алады
Қорытынды:
Жұмыс берушілердің 36%-ы маусымға қарай бизнес-ритмін өзгертпейді. 31% жазды қайта ойлану мен жоспарлау уақыты деп санайды. 22% үшін бұл – тұрақтылық кезеңі, ал 18% – процестерді жақсартуға мүмкіндік. Тек 9% жұмыс берушілер жазды табыс арттыру кезеңі ретінде көреді.
Жалпы қорытынды
Жаз – бұл бизнесте үзіліс емес, әртүрлі стратегиялар кезеңі. Кей компаниялар қарбаласта, кейбірі тұрақты режимде жұмыс істейді, ал үшіншілері жаңа кезеңге дайындалады. Көпшілігі жазда да қызметкер іздеуді жалғастырып, ұжымды қолдап, тұрақты қарқынды сақтайды. Бейімделу тәсілі – саласына, мақсаттарына және корпоративтік мәдениетіне байланысты.