Қазақстандағы бьюти нарыққа жаһандық көзқарас

1166
Фотосурет: @Syzdykov Gani

Золотое Яблоко мен әлемдік және жергілікті бренд сарапшылардың бағалауы, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бьюти-ретейлер – «Золотое Яблоко» Қазақстанда бьюти нарықты қалыптастыратын негізгі үрдістерге сараптамалық шолу жасады. Назарда – тұтынушы тәжірибесін цифрландыру, премиум сегменттің тұрақты өсуі, жергілікті брендтерге қызығушылық пен жас аудиторияның сатып алу көлемі.

18 маусымда Алматыда «Золотое Яблоко» компаниясы қазақстандық және әлемдік бьюти бренд өкілдерінің қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған пресс-бранч өткізді. «Золотое Яблоко» бас қосуда Қазақстандағы бьюти нарықтың дамуына әсер ететін негізгі факторларға сараптамалық шолу жасады. Компания сараптамасы халықаралық және жергілікті брендтердің пікірлері мен кейстерімен толықтырылды. Олардың арасында Estée Lauder, L'Oréal, Sen Sulu мен Parfum De Vie бар. Назар цифрландыру, аудиторияны жасарту, премиум сегмент үлесінің өсуі және жергілікті брендтердің позициясы сияқты тақырыптарға аударылды.

@Syzdykov Gani

2025 жылы Қазақстандағы бьюти нарық айналымы жылына 4,7% тұрақты өсімді көрсетіп, $ 2,15 млрд болады деген болжам бар. Сонымен қатар, «Золотое Яблоко» деректеріне сай онлайн-сатылымдар қарқын алуда: Бьюти-ретейлердің Қазақстандағы интернет-дүкен кірісі өткен жылы 1,5 есеге өскен. Бұл ретте онлайн сатып алумен қатар, брендпен байланыс жасау құралы ретінде танылған онлайн арналарға да сенім артып келеді.

Паблик-ток барысында Parfum De Vie брендінің негізін қалаушылардың бірі, CEO Нұрсұлтан Мұратбеков цифрландыру және омниарна үрдісі туралы ойымен бөлісті:

«Онлайн сауданың қарқынды дамуы әлеуметтік медианың танымалдығымен тікелей байланысты. Мысалы онлайн-саудадағы үлесіміз 40% болса, офлайн сауда 60% болды. Біз ай сайын онлайн сегментті дамыту үшін бюджетті ұлғайту бағытында жұмыс істейміз және айлық көрсеткіште оның көлемін 10-20% арттыруды қамтамасыз етуге тырысамыз. Төрт жылға арналған жоспарға сай интернет-сауда сегментін 80% деңгейіне шығарғымыз келеді».

«Золотое Яблоко» премиум косметикаға деген қызығушылықтың айтарлықтай өскенін атап өтті. Қазақстандағы сату құрылымында онлайн-арнада сатылған премиум-санаттың үлесі 18% жетті, бұл ретте өсу қарқыны Ресей мен Беларуське қарағанда жоғары.

«Қазір табыстың басты факторы – көпарналы тәсілге көшу: адамдар жаңа тәжірибе алғысы келеді, теңдесіз сынақтан өткенді қалайды. Жобаны іске асыру кезінде көпарналы тәсілді қолдану Қазақстан нарығындағы сатылымдардың өсіміне 20% қосқанын байқаймыз. Онлайн мен офлайн синергиясы нақты жұмыс істейтін әдісі: онлайн сауда көлемді ұлғайтады, ал офлайн конверсия береді. Интернет-сауда адамдар оның қауіпсіз екенінен хабардар болған сайын, сауда көлемі де арта түседі», – деді Brand Activation Manager Armani, YSL Beauty (L’Oréal) Мадина Чукмаитова.

Қазақстандық тұтынушы әмбебап және минималистік шешімдерді жиі таңдайды. Сатып алушылардың 77% табиғи макияжға, ал 42% көпфункционалды косметикаға оң көзқарас танытады.

«Вeauty индустриядағы минимализм қарқынды дамып келеді. Қазір макияждағы тренд айтарлықтай өзгергенін байқау қиын емес. Мысалы, егер бұған дейін негіз жағу мен көзге жебе сызық салу маңызды болса, қазір оның еш қажеті жоқ. Іскер әйелдер табиғи образға жақын макияж жасағанды қалайды.

@Syzdykov Gani

Өнімдердегі минимализм мен әмбебаптылық бір-бірін толықтыратын тренд. Әйел макияжға қажет барлық құралды бір косметика сөмкесіне салғысы келеді. Аз құралмен максималды әсер алу: стильді және табиғи макияж жасауға крем, стик пен қас бояйтын қарындаш жеткілікті», – деп атап өтті Estée Lauder брендінің жаһандық визажисті Елена Мотинова.

«Золотое Яблоко» сауалнамасына сай тұтынушылардың 80% дүкенге блогерлердің ұсынысынан кейін келіп, сауда жасайды, ал шешім қабылдауға сөре емес, digital орта әсер етеді: әлеуметтік желі, инфлюенсерлер мен интерактивті контент. Бұл ең алдымен аудиторияны тарту кезінде технологияларды біріктіру үшін маңызды: бьюти стримдер, жеке ақпараттық хабарламалар, сайт пен қосымшадағы шағын ойындар.

Аудиторияны тартатын тағы бір арна – жергілікті бренд өнімдері. «Золотое Яблоко» сауалнамасына қатысқан респонденттердің 24,5% қазақстандық косметиканы қолданатынын айтты. Негізгі мотив – жергілікті өндірушіні қолдау, өнім сапасына сенім білдіру мен бірегей этникалық формулалар.

«Sen Sulu атауы «Сен әдемісің» дегенді білдіреді. Атын қалай қоямыз дегенде, біз қысқа әрі түсінікті болатын атауды іздеп ұзақ ойландық. Оның айтылуы оңай және біздің жеткізгіміз келген ойды тез білдіргенін қаладық. Біздің косметиканы сатып алған әрбір ару өзін ерекше сезінгенін тілейміз», – деп түсіндірді Sen Sulu брендінің директоры Жанель Ахметова.

Бұған қоса, тағы бір ең маңызды арна – жас аудитория: сатып алу түбіртегінің 63% -ы 29 жасқа дейінгі сатып алушылардың үлесі. Бұл ретте соңғы екі жылда 20 жасқа дейінгі клиенттердің сатып алу көлемі екі есеге өсті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -