GRAND FEST 2025: бір сахнада – қазақ классикасы мен әлемдік хиттер

1353
Фотосурет: t.me/madenietaqparat

2025 жылдың 22 маусымында амфитеатрда «Классикалық өнер» бөлімінің солистері мен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің қатысуымен музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл іс-шара Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «GRAND FEST» музыкалық фестивалі аясында ұйымдастырған концерттік бағдарламалар сериясының бір бөлігі болды.

Концерттік бағдарламада әлемдік және қазақ симфониялық, вокалдық және камералық музыка үлгілері ұсынылды. Кеш барысында қазақ операларынан ариялар мен дуэттер, халық әндері, романстар, аспаптық миниатюралар мен Отан тақырыбындағы заманауи шығармалар орындалды.

«GRAND FEST» фестивалі – елорданың мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, отандық музыкалық өнерді насихаттауға және қала тұрғындарының мәдени тыныс-тіршілігін байытуға бағытталған жобалардың бірі. 

Ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасында түрлі жанр бойынша жанды музыка орындалды. Бұның барлығы түрлі буын өкілдерін топтастырған жылы әрі шабыт сыйлайтын атмосфераны қалыптастырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -