Балқаш қаласының прокуратурасы 1,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол бермеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Балқаш қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау аясында 1,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеді.
2025 жылдың басынан бері прокуратураның бастамасымен жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын алты мемлекеттік сатып алу рәсімі тоқтатылды. Бұған сметалық құнның асыра көрсетілуі, конкурс құжаттамасына экономикалық негізі жоқ жұмыс көлемдерінің енгізілуі және бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылу қаупін тудыратын басқа да заң бұзушылықтар себеп болды.
Үнемделген қаражат қаланың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталатын болады.
Балқаш қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау және бюджет қаражатының ашық әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырады.