Атыңызға несие ресімдеуді қалай бұғаттауға болады?

1408
Фотосурет: freepik.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылғы маусымнан бастап Қазақстанда «Стоп-кредит» сервисі қолданыста екенін еске салады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл қызмет азаматтарға банктер мен микроқаржы ұйымдарынан кредит алуға тыйым салу мүмкіндігін береді. Қызмет қарыз қаражатына қолжетімділікті шектеп, азаматтың келісімінсіз кредит ресімдеудің алдын алуға бағытталған.

Ерікті түрде бас тарту туралы өтініш бергеннен кейін бұл ақпарат кредиттік бюроларға автоматты түрде жіберіледі. Қаржы ұйымдары кредиттік есепті сұратқан кезде қойылған шектеуді көріп, кредит ресімдей алмайды.

«Стоп-кредит» сервисін онлайн қосуға болады:

  • e-Gov порталы немесе мобильді қосымшасы арқылы жүйеге кіріңіз;
  • «Банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдаңыз;
  • өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз;
  • нәтижесі туралы хабарлама алыңыз.

Қызмет мерзімсіз әрекет етеді және азамат шектеуді өзі алып тастағанға дейін күшінде болады. Шектеуді алып тастау - сол тәртіппен, e-Gov арқылы жаңа электрондық өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.

Маңызды: бұл шектеу ломбардтар мен кредиттік бюро деректерін пайдаланбайтын ұйымдарға қолданылмайды.

Агенттік азаматтарды кредит мәселесіне жауапкершілікпен қарауға, жеке деректерін қорғауға және қолжетімді қаржылық қауіпсіздік шараларын пайдалануға шақырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -