Мемлекеттік нөмір белгілерінің үлгісіне сай келмеуі: ІІМ жаңа талаптары кімдерге қатысты болады

1419
Фотосурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласы полиция Департаменті, шетелдік заңды тұлғалардың пайдалануындағы көлік құралдарының тіркеу деректеріне жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің кейбір жағдайда белгіленген үлгіге сәйкес келмей берілген деректер анықталғанын хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің №862 бұйрығымен бекітілген механикалық көлік құралдарын тіркеу және тіркеуден шығару қағидаларына сәйкес, шетелдік қатысумен құрылған заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе пайдалануындағы көлік құралдарына меншік түріне қарамастан сары түсті мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері беріледі.

Аталған сәйкессіздіктерді жою және тіркеу деректерін белгіленген талаптарға сәйкестендіру мақсатында көрсетілген көлік құралдарының иелерінен (өкілдерінен) арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына (Арнайы ХҚКО) барып, нөмірлік белгілерді ауыстыруды сұраймыз.

Бұл рәсім жұмыс тәртібінде жүзеге асырылады және меншік құқығын растайтын, сондай-ақ көлік құралының заңды тұлғаға тиесілі екенін дәлелдейтін құжаттардан басқа қосымша негіздерді талап етпейді.

Осы шараға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Бұл көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай стандарттарын сақтау мақсатында жүзеге асырылып отыр.
Қосымша кеңес алу қажет болған жағдайда Алматы қаласы Әкімшілік полиция Басқармасының Процессинг орталығына хабарласуыңызға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -