"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, 11 шілде, жұма күні республика аумағының басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Дауылды ескерулер күтіледі:
Астана қ. күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.
Алматы қ. найзағай күтіледі.
Шымкент қ. 11-13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
11 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
11 шілдеде түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы ауданадарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыс бойынша найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде найзағай, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с. 11-13 шілдеде облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
11 шілдеде түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Маңғыстау облысында 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескеру сақталады:
09-13, 16-20 шілдеде Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
09-13, 16-21 шілдеде Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +39+44°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
09-13, 17-22 шілдеде Ақтөбе облысында ауа температурасы күндіз +27+32°С-тан, облыстың оңтүстігінде +35°С қатты ыстықтан +37+42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
09-13, 17-22 шілдеде Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +32+37°С-тан +37+42°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +45°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.