20 шілдеде Қазақстанда қатты жаңбыр, желдің күшеюі және +45°-қа дейін ыстық күтіледі

1518
Фотосурет: DKnews

Бірқатар өңірлерде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе, Атырау, Алматы, Түркістан, БҚО, Маңғыстау, Жамбыл және Жетісу облыстарында + 45 ° дейін ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Дауылды ескерулер күтіледі:

Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, ортлығында 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Өскемен қ.: Түнде және таңертең найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Семей қ.: Түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз шаңды дауыл.
Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Тараз қ.: Солтүстік-шығыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: Кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Онтүстік-батыстан жел соғады, күндіз  облыстың  оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Конаев қ.: Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Талдықорған қ.: Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.           

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ.: Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15 м/с. 
Төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: Күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысында 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтау қ.: Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысындасолтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.                   

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында,  солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -