Батыс Қазақстан облысында 100 млн долларлық инвестициялық жоба қайта жанданды

3080
Фотосурет: Depositphotos

Прокуратура инвестордың құқығын қалпына келтіріп, цемент зауытының құрылысын жалғастыруды қамтамасыз етті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура маңызды инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Осы жұмыс аясында 2022 жылдан бастап инвестиция көлемі 75 млрд теңгені құрайтын цемент зауытын салу және 60 жұмыс орнын құру жобасын жүзеге асырып келе жатқан «СпецСтройСервис» ЖШС инвесторының мәселесі анықталды.

Инвестор Батыс Қазақстан облысының Жер қатынастары басқармасы тарапынан кедергіге тап болып, болашақ кәсіпорынның жұмысына қажетті сазды шикізат пен опокадан бор өндіруге арналған жер телімін жалға беру шартын бұзу туралы сотқа шағым түсірді.

Жағдайды шешу мақсатында Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы барлық мүдделі тараптардың қатысуымен Фронт-офис отырысын ұйымдастырып, нәтижесінде талап арыз кері қайтарып алынды.

Алайда, бір жылдан кейін Басқарма жалдау шартын біржақты бұзып, сот бұл әрекеттерді қолдады.

Облыс прокуратурасының наразылығымен инвестордың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін сот актісінің күші жойылды.

Қабылданған шаралардың арқасында инвестор қытайлық серіктесімен 100 млн доллар көлемінде келісімге келіп, зауыт құрылысын жалғастырды.

Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жұмыстары облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -