Қарыз алушы кредит ресімдеген кезде сақтандыру агенттерінің комиссиялары туралы нені білуі қажет?
Екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (ЕДБ, МҚҰ және өзге де ұйымдар) сақтандыру агенттері ретінде бір мезгілде әрекет ете отырып, қарыз беру үшін міндетті шарт түрінде сақтандыру шартының болуын қамтиды. Мұндай қызметтер үшін сақтандыру ұйымдары оларға комиссиялық сыйақы төледі, деп хабарлайды DKnews.kz.
Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру агенттерінің комиссиялық сыйақысының мөлшерін ЕДБ, МҚҰ және өзге де ұйымдардың қарыздары мен микрокредиттеріне байланысты сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы сомасының 10%-на дейін шектеу көзделген. Заң 2025 жылғы 31 тамыздан бастап күшіне енеді.
Бұл жаңалық қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтеді және сақтандырудың ашық болуы мен қолжетімділігін арттырады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер, МҚҰ және өзге де ұйымдар сақтандыру талаптарын мәжбүрлемеуге тиіс екенін, сондай-ақ қарыз алушыны сақтандыру ұйымын таңдауда шектеуге құқығы жоқ екенін еске салады. Бұл ерікті сақтандыру өнімі және оның талаптары тараптардың келісімі бойынша сақтандыру шартында айқындалады
Сондықтан, кредитермен байланысты сақтандыруды рәсімдеу кезінде тұтынушы оның талаптарын, оның ішінде сақтандыру сыйлықақысы мен агенттік сыйақының мөлшерін мұқият зерделеуі қажет. Ұсынылған талаптармен келіспеген жағдайда, қарыз алушы өз таңдауы бойынша басқа сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.