Қазақстанда 29 микроқаржы ұйымы жабылды: қарыз алушылар не істеуі керек және қарызды қалай дұрыс өтеуге болады

1309
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымының қызметін тоқтату, оның ішінде лицензия қайтарып алынған жағдайда қарыз алушылардың міндеттемелерін жоюды білдірмейтінін еске салады. Микрокредиттерді қайтару бойынша міндеттемелер толық көлемде сақталады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Талап ету құқықтары басқаға берілген жағдайда бұрынғы МҚҰ немесе жаңа кредитор алдындағы қарыз алушының берешегі өз күшінде қалады. Қарызды басқа кредиторға берген жағдайда қарыз алушыға берешекті өтеудің жаңа деректемелері мен тәртібі туралы хабарлануы тиіс.

Азаматтар микрокредиттерді ресімдеуге жауапкершілікпен қарауы қажет. Микрокредитпен бірге қарыз алушылар оны пайызбен қайтаруға міндеттеме алатынын есте ұстаған жөн. Микрокредит алу үшін МҚҰ-ға хабарласпас бұрын, компанияның заңды түрде жұмыс істейтініне көз жеткізу де маңызды. МҚҰ-да қолданыстағы лицензияның бар-жоғын Агенттіктің сайтында тексеруге болады.

Қарыз алушылардың міндеттері ғана емес, тиісті құқықтары да бар. Егер МҚҰ-мен даулар туындаса, сіз микроқаржы омбудсманына тегін кеңес алу және құқықтарды қорғау үшін жүгіне аласыз.

2024 жылы Қазақстан Республикасында 29 микроқаржы ұйымы (МҚҰ) қызметін тоқтатты, оның 17-і – ерікті негізде, 12-і – уәкілетті органның шешімі бойынша. Негізгі себептер – заңнаманы, оның ішінде пруденциялық нормативтердің талаптарын жүйелі түрде бұзу.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -