Шереметьевода Абай әні шырқалды

1177
Фотосурет: Ұлттық ұлан

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының ән және би ансамблінің ерлер хоры Мәскеудегі Шереметьево әуежайының жолаушылары үшін күтпеген музыкалық сыйлық жасады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Күту залында қазақстандық өнерпаздар ұлы ақын, ағартушы әрі композитор Абай Құнанбайұлының танымал «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

Бұл өнер көрсету арқылы олар ұлт ұстазының 180 жылдық мерейтойын атап өтіп, әуежай қонақтарына ұлттық нақыш пен ел мәдениетінің бай мұрасын сезінуге мүмкіндік берді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚР Ұлттық ұланы (@ulttyq_ulan_resmi)

"Бұл әннің тек концерт сахнасында ғана емес, түрлі ел өкілдері мен мәдениет  тоғысатын жерде шырқалуы маңызды деп санадық. Осылайша біз Қазақстан жайлы сыр шертіп,  ұлы Абайға құрмет көрсеттік" Хор мүшесі Бауыржан Алтынбеков

Шырқалған әуен тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді. Көпшілік аялдап, әуезді әнді тыңдап, өнерпаздарды телефонға түсіріп, зор қошемет көрсетті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -