Алматыда 300-ден астам SIM-карта мен «Sim-Box» құрылғысы тәркіленді

1034
Фотосурет: Telegram-канал «Baza»

Алматыда алаяқтардың нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын тағы бір «Sim-Box» жабдығы анықталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құқық қорғау органдары, «Қазақтелеком» АҚ мен «Кселл» АҚ арасында жасалған меморандум аясында қала прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы ПД-ның Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық техниканы пайдалану фактісін анықтады.

Бәйтереков көшесіндегі пәтерде жүргізілген жедел іс-шаралар барысында Ресей Федерациясының 18 жастағы азаматынан «Sim-Box», қазақстандық ұялы байланыс операторларының 300-ден астам сим-картасы және басқа да жабдықтар тәркіленді.

«Sim-Box» жабдығы қылмыстық мақсатта телефон қоңырауларын жаппай жасау, таратуларды жіберу және абоненттік нөмірлерді ауыстыру үшін кеңінен қолданылады.

Аталған факті бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 213-бабы (Абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Биылғы жылы осыған ұқсас 7 іс сотқа жолданса, оның 4-і бойынша үкім шығарылған.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды абай болуға және банк картасының деректері мен кіру кодтарын бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Мұндай жабдықты пайдалану мүмкіндігі туралы ақпарат болса, құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -