«Қаратау» АҚ-ның бұрынғы қызметкерлеріне бюджет есебінен өтемақы төленуде

1012
Фотосурет: Gov

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен, сондай-ақ сот органдарының шешiмдерi негiзiнде «Қаратау» ААҚ бұрынғы қызметкерлерiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу үшiн республикалық бюджет қаражаты есебiнен тиiстi төлемдердi жүзеге асырады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ағымдағы жылдың 19 тамызындағы жағдай бойынша «Қаратау» ААҚ бұрынғы қызметкерлерінің көпшілігі республикалық бюджеттен төлемдер алды.

«Қаратау» ААҚ-ның бұрынғы қызметкерлері сот шешімдері бойынша төленетін төлемдерді алу үшін растайтын құжаттарды тапсырып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиісті өтініш беруі қажет.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -