«Таза Қазақстан»: Қарқаралыда жартастар граффити мен вандализм іздерінен тазартылды

1089
Фотосурет: Қарқаралы ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша

«Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері еріктілермен бірлесіп, Жастар шыңының басында экологиялық акция өткізді. Шара аясында олар жартастарды жазулардан, граффитиден және өзге де вандализм іздерінен тазартты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қарқаралы – Қазақстанның көркем табиғаты ғана емес, тарих пен мәдениетке бай, қасиетті өңір.

Алайда бүгінде жартастарда түрлі жазулар мен суреттердің пайда болуы әлі де жиі кездеседі. 

Бұл табиғи келбетті бүлдіріп қана қоймай, қайталанбас мәдени және табиғи мұраға зиян келтіреді.

Акцияға қатысушылардың айтуынша, вандализммен жалғыз күресу мүмкін емес.

Ең бастысы – адамдардың табиғатқа және тарихи мұраға деген көзқарасын өзгертіп, құрмет мәдениетін қалыптастыру.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -