«30 игі іс»: құтқарушылар бүкіл ел бойынша мейірім акциясын бастады

858
Фотосурет: Sputnik / Владислав Воднев

Құтқарушылар ТЖМ мерейтойын бірге атап өтуге шақырады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Биыл Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы жылдар ішінде құтқарушылар қиындыққа тап болған жандарға дер кезінде көмек көрсетті. Олар өздерінің басты міндеті — халыққа қызмет ету мен адам өмірін құтқару ісіне әрдайым адал.

19 қазанда атап өтілетін мерейтой мен кәсіби мерекеге орай ТЖМ « 30 жылдығы – 30 игі іс» акциясын бастайды. Қыркүйек пен қазан аралығында еліміздің түкпір- түкпірінде қамқорлыққа, мейірімділікке және жылулыққа толы іс-шаралар өткізіледі: балалар мен зейнеткерлерге көмек көрсету, донорлық марафондар, экологиялық акциялар, отбасылармен кездесулер мен тұрғындарға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Бұл акция жай мерейтойлық бағдарлама ғана емес. Бұл құтқарушылар әрдайым қасымызда, көмек және қолдау көрсетуге әрқашан дайын екенін тағы бір мәрте халыққа жеткізудің мүмкіндігі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -