Қазақстанда мал шаруашылығына арналған жем-шөп дайындау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

1386
Фотосурет: Gov

2025–2026 жылдардың қыс маусымына дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді түрде жалғасуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 21,5 млн тонна шөп (жоспардың 88,1%-ы), 1,7 млн тонна сүрлем (101,4%), 1 млн тонна құрамажем (19,1%), 1,6 млн тонна сабан (33,1%) дайындалған.

Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (115,2%), Ақмола облысы мен Шымкент қаласында (100%), Жетісу облысында (99,5%), Қостанай облысында (97,7%) байқалады.

Азық дайындаудың көрсетілген көлемі ауыл шаруашылығы жануарларын толыққанды азықтандыруға, жоспарланған өнім көлемі мен төл алуына, сондай-ақ мал басының сақталуына мүмкіндік береді.

Жалпы республика бойынша мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -