«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 4 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Алматы, Шымкент қалаларында өрт қауіптілігінің ең жоғары 5-сыныбы жарияланды.
Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыс, оңтүстік-батыс аймақтарда қатты жаңбыр, солтүстікте, оңтүстік-батыста және батыста бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста күн ашық болады.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте, шығыста, батыста және орталықта түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
ТЖМ азаматтарды далада от жағуға, ашық алаңда темекі тартпауға, шөпті қураған ағаштардың жанында жағпауға шақырады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысында батысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 25 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 04-06 қыркүйекте облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында, шығысында күші 25 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.