Қызылорда облысында ішімдіксіз ауыл, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жалағаш аудандық прокуратурасының бастамасымен және жергілікті қауымдастықтың белсенді қолдауымен Таң ауылы ресми түрде ішімдіксіз ауыл мәртебесіне ие болды.
Бұл бастама аясында ауыл кәсіпкерлері өз еріктерімен алкоголь өнімдерін сату лицензияларынан бас тартып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосты.
Мұндай шешім – ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғауға, жастарды зиянды әдеттерден сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Прокуратура тарапынан жүргізілген түсіндіру жұмыстары мен кездесулер нәтижесінде кәсіпкерлер мен ауыл ақсақалдары бастаманы бір ауыздан қолдады.
Бұл – билік пен қоғамның ортақ мүдде үшін бірлесе әрекет еткенінің айқын дәлелі.