Ыстық әрі қауіпті қыркүйек: Қазақстанның қай өңірлерінде өрт қаупі сақталып тұр?

1562
Фотосурет: DKNews.kz

2025 жылғы 9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Алматы, Шымкент қалаларында өрт қауіптілігінің ең жоғары 5-сыныбы жарияланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Еліміздің солтүстігінде, шығысында нөсер жауып, бұршақ соғып, қатты жел соғады. Батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңертең тұман болады.

ТЖМ азаматтарды далада от жағуға, ашық алаңда темекі тартпауға, шөпті қураған ағаштардың жанында жағпауға шақырады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.:  түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы қ.:  түнде аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады кей уақыттарда екпіні 18 м/с. 09-11 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.:  төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.                                               

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталды, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. 09-11 қыркүйекте Алматы облысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 25 м/с.

Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. 09 қыркүйекте облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Түнде және танертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледіОблыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -